25.11.2021 жылы "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ қабырғасында Қостанай облысы білім басқармасының "Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №23 ЖББМ" бастауыш сынып мұғалімі Ольга Ивановна Трухановамен, 1 сыныпқа арналған "Букварь" және "сауаттылыққа оқыту", 2-4 сыныптарға арналған "Орыс тілі" және "әдебиеттік оқу" базалық оқулықтарының авторларының бірі, кездесу өтті.
Кездесуде Ольга Ивановна оқулықтарда пайда болған жаңалықтар туралы айтып, бірінші курс студенттерін осы пән бойынша әдістемелік кешенмен таныстырды. Басқа мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдері кездесуге осы оқу-әдістемелік кешенді қолдану тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, атқарған еңбегі үшін алғыс сөздерін де білдірді. "ЗЕРЕК колледжінің" педагогикалық құрамы және колледж білім алушылары Ольга Ивановнаға құнды ақпарат пен жағымды әңгіме үшін тағы да алғыс білдіреді.