Жеке мекемесі
«ЗЕРЕК колледжі»

Тіліңізді таңдаңыз

2023 жылғы мамырдың 31 күні «Зерек колледжі» ЖМ ұжымы білім алушылармен бірге Ілияс Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театрында «АЛЖИР» атты қойылымын тамашалады.

Спектакль ХХ ғасырдың 30-40 жылдары КСРО басшылығы Қазақстанды лагерлер еліне айналдыруға әрекет жасағаны туралы. Солардың бірі – халық арасында «АЛЖИР» деп аталып кеткен әйелдер лагері туралы. Әйелдер тағдыры толығымен көрсетілді. Спектакль мұңға, өкінішке, қиын тағдырға, азабқа толы. Спектакль нәзік жандылардың әңгімелеріне негізделіп, жай-күйі көрсетілді. АЛЖИР қойылымы көрермен жүректеріне жетіп, үлкен әсер қалдырды.