Жеке мекемесі
«ЗЕРЕК колледжі»

Тіліңізді таңдаңыз

01.10.2024 жылы колледж оқытушысы Шалапина Оксана Борисовна "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту"мамандығы бойынша В-41 тобында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ практикалық сабақ түрінде өтті, бұл білім алушылардың кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыруға, кәсіби ойлаудың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім алушылар мәнерлеп оқу бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізу дағдыларын пысықтады. Сабақ ұйымдасқан түрде өтті, Студенттер ұсынылған тапсырмаларды ынтамен орындады және сабақтың барлық кезеңдеріне белсенді қатысты.