2025 жылдың 8 қаңтарында "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының доценті Эльмира Миндыхатовна Карасеваны шақыра отырып, педагогтарға арналған семинар өтті.
Семинарда жасанды интеллект пен интернет-технологиялардың білім беру процесіне әсері, оның ішінде күнделікті міндеттерді автоматтандыру, оқытуды жекелендіру және білім алушылардың сыни ойлауын дамыту талқыланды. Қатысушылар білім сапасын жақсарту үшін АТ шешімдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.