10 желтоқсанда "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ қашықтықтан "СӨС" орталығының өкілдерімен "ЖИТС және оның алдын алу"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Әңгімелесу барысында білім алушылар осы қауіпті аурудың пайда болу тарихы, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы, сондай-ақ жұқтырудың алдын алу бойынша қажетті шаралар туралы білді. Іс – шара соңында студенттер "білім – жауапкершілік-денсаулық" бейнеролигін көрді, ол жастарды АИТВ-инфекциясының және ЖИТС-тың ерекшеліктері, берілу тәсілдері, осы ауруды емдеу және алдын алу әдістері туралы хабардар етуге арналған.