Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2021 жылғы 05 қазандағы № 475 "қала мектептерін ауылдық мектептерге бекіту туралы" бұйрығына сәйкес "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ және "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Комсомол ЖМ" КММ арасында ынтымақтастық және кәсіби қолдау туралы келісімге қол қойылды, бірлескен жұмыс жоспары әзірленді.
"ЗЕРЕК колледжі" ЖМ директоры Кетебаева Қаламқас Кәкімбекқызының басшылығымен жұмыс бірден қарқын ала бастады. Ынтымақтастықтың басты мақсаты-мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.
Бірлескен жұмыс аясында 07.04.2022 жылы "мектепте инклюзивті білім беру"тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарды өткізуге Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы ММ маманы, диосо әдістемелік кабинетінің аға әдіскері Әбдіғалиева Арайлым Қайырбекқызы шақырылды. Мектеп мұғалімдеріне жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасының Заңымен таныстырылды.
Семинар барысында Арайлым Қайырбекқызы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қалай жұмыс істеу керектігін, сондай-ақ осы жұмыстың нормативтік ресімделуін түсіндірді.
Сондай-ақ, мектептің басшылық құрамына көмек көрсету үшін "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының" Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мичурин ЖББМ" ММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдажанова Гүлнар Жақсылыққызы тартылып, мектепішілік оқу-тәрбие процесін бақылауды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
"Зерекколледжі" ЖМқамқорлыққаалынғанмектебініңматериалдық-техникалықбазасыннығайтумақсатындакөпфункционалдықұрылғы (ксерокс, принтерсканер) түріндедемеушіліккөмеккөрсетті.
Қамқорлықты ұйымдастыру - қала және ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайту мәселесінің сындарлы шешімдерінің бірі. Бұдан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!