23.02.2022 жылы қамқорлыққа алынған мектеппен жұмысты ұйымдастыру шеңберінде "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ педагогтары Қостанай облысы Білім басқармасының "Сарыкөл ауданының білім беру бөлімінің Комсомол ЖББМ" КММ-не барды.
Мектеп базасында ұйымдастыру кеңесі өткізіліп, онда бірлескен жұмыс жоспары анықталды. Колледж психологы Бауэр Мария Егоровна мектептің педагогикалық ұжымымен кәсіби күйіп қалудың алдын алу бойынша тренинг өткізді.
Колледж директоры Кетебаева Қаламқас Кәкімбекқызы 9 және 11 сыныптарда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу мазмұнды және жемісті болды.