2025 жылғы 17 қаңтарда "ҚИНЭУ кәсіпкерлік колледжі" ЖМ Қостанай облысы колледждерінің Директорлар кеңесі өтті.
Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және бөлісуге тамаша мүмкіндік болып табылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы Қадыров Серікбай Қамзұлы Директорлар кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтіп, білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылының маңыздылығына және олардың өңірді дамытудағы рөліне назар аударды.