03.05.2023 ж. колледж инспекторы полиция аға лейтенанты Ж. М. Шарипова кәмелетке толмаған студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 1 курс студенттерімен түсіндірме әңгіме өткізді.
Инспектор өз әңгімесінде ұрлық, тонау, бопсалау сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Білім алушыларға қай жылдан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.
Сондай-ақ, колледж инспекторы білім алушыларға темекі өнімдерін тұтынудың, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішудің салдары, кәмелетке толмағандардың түнде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуы және нормативтік актілердің басқа да бұзушылықтары туралы түсіндірді.