Құрметті достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – біздің негізгі Заңымыз-елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы!
Біздің Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Оның арқасында біз тұрақтылық, келісім және еліміздің дамуындағы игілік жолында нық қадам басамыз.
Сіздерге ашық аспан, келісім мен тұрақтылық тілейміз, әр отбасында бақыт пен амандық орнасын, ал Отанымыздың гүлденуі үшін жаңа жеңістерге ұмтылу бізді үлкен жетістіктерге жетелейді!