2023 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының 30 жылдығын мерекелеу аясында 2 курс білім алушылары "Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында" жұмыс істеген "Ұлттық валюта – Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі"атты кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесеріне қатысты.
Кітап көрмесінде ұлттық валютаның қалыптасуына, ақша қатынастары мен реформалардың дамуына, Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуына арналған әдебиеттер ұсынылған.
Іс-шара қонақтарына Ұлттық банк ұсынған естелік және мерейтойлық монеталар топтамасы көрсетілді.
Кітап көрмесі жыл соңына дейін жұмыс істейді.