11.01.2023 жылы "Мақсат қою қызметтің нәтижелі түрі ретінде"семинары өткізілді. Семинардың мақсаты: мақсат қою дағдыларын игеру, мақсат қою құзыреттілігін дамыту.
Семинар практикалық тапсырмалар түрінде өткізілді және педагогикалық қызметтің мақсаттары мен міндеттерін анықтау мен қоюдың саналы процесіне бағытталған. Мұғалімдер іс жүзінде Сабақтың мақсаты негізінде мақсат қою және дескрипторларды құрастыру дағдыларын тағы бір рет пысықтады.