Жеке мекемесі
«ЗЕРЕК колледжі»

Тіліңізді таңдаңыз

2021 жылдың 27 қазанында Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы-«Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің төрайымы, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, «Еуразиялық банк» Қостанай филиалының директоры, Жақып Қалқаман Хасенұлы –«Miras» қоғамдық кеңесінің мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Тибеев Бауыржан Айдаболұлы - «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты «ЗЕРЕК колледжі» ЖМ студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.

Қазақтың ұлы ақыны, педагог Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңі жүздесудің арқауы болды. Бұл кездесуде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, қоғамдағы мемлекеттік тілдің рөлі мен дамуын күшейту, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының идеясы мәселелері талқыланады. Келесі отырыстарда осындай диалог алаңы өз жалғасын табады...