13.01.2022 ж. "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ Google Platform арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сауалнама жүргізілді.
Респонденттер 125 студент болды.
Сұралғандардың айтарлықтай пайызы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ұмтылысы бар деп есептейді. Студенттер үшін сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттың негізгі көздері кураторлық сағаттар және БАҚ болып табылады. Егер сыбайлас жемқорлық проблемаларымен бетпе-бет келсек, студенттер мемлекеттік органдарға, прокуратураға, ІІМ мен БАҚ-қа хабарлауды жөн көреді.
Респонденттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынадай шараларын атайды: электрондық нұсқада қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау.