2025 жылдың 19 мамырында Жастар сарайында "Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастырған Қостанай облысы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушыларына арналған "Менің мамандығым-менің болашағым"атты кәсіби бағдар беру кездесуі мен конференциясы өтті.
Кездесуде Қостанай облысының жоғары оқу орындарының тұсаукесерлері ұсынылды. Әлеуетті талапкерлер өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, имидждік өнімдер мен үлестірме материалдарды қызығушылықпен қарады.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!