02.10.2023 ж. колледжде "Қостанай қаласының №5 емханасы" ЖШС психологы А.С. Исмайловамен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша кездесу өтті.
2 курс білім алушылары үшін әңгіме өткізіліп, іс-шара басталар алдында жасөспірімдерге арналған бейнеролик көрсетілді. Бейнені көргеннен кейін қиын өмірлік жағдайларда проблемаларды шешу жолдарын қарастырдық. Іс-шара қызықты өтті, Студенттер командаларға бөлініп, өмірдің мәні туралы талқылады.
Өмірді сүю керек, әр минутты бағалау керек, өмірден ләззат алу керек және өзін қорқақтық пен надандыққа ұшыратпау керек деген ақпарат қол жетімді болды.