Өз өлкесінің тарихына деген қызығушылық пен құндылықты дамыту мақсатында Студенттер үшін мұражайға экскурсия ұйымдастырылды.
Мұражайға барған колледждің бірінші курс студенттері облысымыздың бай тарихи-мәдени мұрасы туралы білді.
Тарихи-өлкетану мұражайының тақырыптық залдары екі қабатта орналасқан. Залдан залға ауыса отырып, студенттер өлкенің ежелгі тарихымен, өлкенің табиғи байлығымен, Қостанай қаласының құрылу тарихымен, мұражайдың этнографиялық Коллекциясымен танысты, ұлттардың ұлттық костюмдерін, үй бұйымдарын, көне ауыл шаруашылығы құралдарын көрді.
Мұражайға бару танымдық, қызықты және өте есте қаларлық болды!