Бітіруші топтардың білім алушылары "Жастар сарайында"облыстық Бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шара "студенттік қозғалыстардың, идеялар мен жобалардың қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу"жобасы шеңберінде өтуде. Аталған жәрмеңкеге ЖОО және колледж студенттері қатысады.
Аталған іс-шараға әлеуетті жұмыскерлерді іздестіруге 90-нан астам жеке және мемлекеттік кәсіпорындар қатысты.