Колледжде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу мақсатында полиция лейтенанты М. К. Біржановамен кездесу өтті.
Полиция қызметкері балаларға қылмыстық және әкімшілік құқық нормалары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жауапқа тартудың ерекшеліктері мен тәртібі туралы еске салды.
Әңгімелесу барысында жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу, бұзақылық әрекеттер жасамау, сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасамау қажеттігі түсіндірілді. Студенттер әңгімеге белсенді қатысты.