Өлкенің тарихи-мәдени мұрасымен танысу мақсатында колледж студенттері тарихи-өлкетану мұражайына барды. Олар көптеген қызықты этнографиялық экспонаттарды көрді.
Олардың қатарында өлке халықтарының ұлттық киімдерінің топтамасы, қазақтың зергерлік әшекейлері, Амангелді Имановтың домбырасы бар. Археология залында білім алушылар өлкенің ежелгі тарихын білді. Палеонтология залы студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды, онда археологиялық олжалар ұсынылды: бизонның бас сүйегі, бұғы мүйізі және т.б. Экскурсия қызықты әрі танымдық болды, өйткені әр экспонаттың өзіндік тарихы бар.