Жеке мекемесі
«ЗЕРЕК колледжі»

Тіліңізді таңдаңыз

Абонементтер бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін мерекелеу күні «Зерек колледжі» жеке мекемесінің оқушылары үшін «Тарих аясындағы үш нышан» атты тарих сабағын өткізді.

Бөлім қызметкерлері мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректерді ортаға салды, мемлекеттік мақтанышымыздың маңыздылығы туралы пікір білдірді. Іс-шара барысында колледж студенттері Қазақстан Республикасының тарихы мен қазіргі өмірін бейнелейтін әдебиеттерге жасалған шолуды зор ынтамен тыңдады. Сондай-ақ қатысушыларға таныстырылым көрсетіліп, сұрақтарына оқушылар дұрыс жауаптар берген танымдық викторина ұсынылды. 
Іс-шара соңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қалай жасалатыны туралы бейнефильм көрсетілді.