Жеке мекемесі
«ЗЕРЕК колледжі»

Тіліңізді таңдаңыз

2025 жылдың 4 маусымында Қостанай облысы әкімдігінің алдындағы алаңда өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты шараға колледж білім алушылары мақтанышпен қатысты.

Бұл айтулы шара Қостанай облысының әкімі Қ.И.Ақсақаловтың қатысуымен өтті.

Негізгі сәттері-Мемлекеттік Туды (20х10 м) алып шығуы болды. Мектеп оқушылары мен қалалық оркестрдің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындауы, бүкіл облыс тұрғындарының қатысуымен патриоттық сезімге толы челлендж болды.

Концерттік бағдарламада Ішкі істер министрлігі Академиясының курсанттары, мектеп оқушылары, «Ақжелең» ансамблі, филармонияның солистері, вокалдық топтар және арнайы қонақ – «Дарын» сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір болды.

Бұл бәріміз үшін біріктіретін, рухтандыратын және еліміз үшін мақтаныш сезімін оятатын ерекше күн!