"Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдері күні болып жарияланды.
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде этносаралық бірлікті нығайту, Мемлекеттік тілді елімізде этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде танымал ету, сондай-ақ барлық этностардың мәдени және тілдік ерекшеліктеріне төзімділік пен құрметті арттыру мақсатында түрлі ақпараттық және ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Біздің колледжде 3 және 4 курс студенттері үштілділікті қолдана отырып түрлі ойындар өткізді.