Өңірде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты колледждің медицина қызметкері Г.С. Кужахметова білім алушылардың №5 емхана өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды: бас медбике - Валентина Алексеевна Карпенко және СӨС медбикесі - Айнагүл Ғабдинасировна Рахимова.
Емхана өкілдері қызылша ауруының салдары және алдын алу мақсатында қосымша иммундау мүмкіндігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.