«ЗЕРЕК» колледжінің 3 курс студенттері СВЕТОФОР жазғы сауықтыру лагерінде және мектептер мен балабақшалардың сауықтыру алаңдарында жазғы практикадан өтеді.
Білім алушлар лагерьде балалармен және жасөспірімдермен тәрбие жұмысында жаңа құзыреттерді игереді, балалар мен жасөспірімдерге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Олар балалармен жеке және ұжымдық жұмысты біріктіруді үйренеді. Балалармен және жасөспірімдермен, әріптестермен педагогикалық тұрғыдан дұрыс қарым-қатынас орнатуға тырысады. Лагердегі жазғы практика әрқашан ұмытылмас сәт және жазда балалармен жұмыс істеудің үлкен тәжірибесі болып табылады.