03.02.2022 ж. "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ жастар ортасында қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 1 курс білім алушыларының КТІ инспекторы, полицияның аға лейтенанты А. К. Атантаевпен және КТІ инспекторы полицияның аға лейтенанты Д. А. Козовамен кездесуі ұйымдастырылды.
Білім алушылармен қарым-қатынас "кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі"тақырыбында профилактикалық дәріс түрінде өтті. Әңгіме барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы мәселелер қозғалды. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай шаралар қолданылатыны түсіндірілді. Сондай-ақ, инспекторлар колледж бен қоғамдық орындардағы оқушылардың мінез-құлқы, білім алушылардың педагогтарға, ересектер мен құрдастарына құрметпен және сыпайы қарым-қатынасы мәселелерін қозғады. Әңгіме инспекторлардың кәсіби қызметіндегі нақты мысалдар мен фактілерге негізделді.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, өз мәселелері туралы айтып берді.