Частное учреждение
«Колледж ЗЕРЕК»

Выберите язык

«Отан – отбасынан басталады» дегендей Отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуының бастауы алатын жері.

Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. 

Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Елімізде алғаш рет отбасы күні бекітіліп, жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін болып жүр.

Сол мерекеге орай біздің колледжде де 1 курс студенттер арасында мерекелік іс-шара өткен болатын. Онда студенттер өздерінің жанұяларындағы дәстүрлерімен бөлісіп, демалыс күндерін қалай өткізетіндерін айтып, кластерлерін қорғап, түрлі ойындар ойнады.