01.09.2023 ж. колледжде "білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге ұмтылу" тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты білімге құндылық қатынасты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға ұмтылу болды.
Іс – шараны өткізу барысында білім алушылар қойылған мақсаттарға тек білімді адам ғана қол жеткізе алатынын, патриотизм-адамның өзегі екенін, бұл өз Отанының тарихы мен мәдениетін білу және құрметтеу, өз халқының өзіндік ерекшелігі мен дәстүрлерін сақтау, өз Отанының рухани және материалдық әл-ауқатын арттыру үшін бар күшін салуға ұмтылу екенін атап өтті.
Іс-шараны қорытындылай келе, білім алушылар бүгінде мемлекетке оның игілігі мен дамуы үшін оқуға, жұмыс істеуге дайын дені сау, бастамашыл, сауатты адамдар қажет деген қорытындыға келді.