"ЗЕРЕК колледжінде ""егер қиын болса-жай ғана қоңырау шалыңыз" акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы хабардар ету, білім алушыларға психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар жұртшылығының психологиялық сауаттылығын арттыру.
Акция аясында II курс үшін "өмірге және өзіне деген оң көзқарасты қалыптастыру" кураторлық сағаттары өткізілді. Әңгімелесу барысында оқушыларға "Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы" КММ қызметі және сенім телефонының жұмысы туралы айтылды.
Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының Сенім телефондары бар ақпараттық стенд ресімделді. Автодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жадынамалар, парақшалар ата-аналардың, студенттер мен педагогтардың назарына жеткізілді.