2 курс білім алушылары үшін "экстремистік идеологияның таралуының алдын алу"тақырыбында профилактикалық әңгімелер өткізілді.
Білім алушылар террористік іс-әрекетке қатысқаны және оған жәрдемдескені, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни алауыздықты қоздырғаны, мақсаттары мен әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін күштеп өзгертуге бағытталған қоғамдық бірлестіктер құрғаны және олардың қызметіне қатысқаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңнаманың баптарымен және нормаларымен танысты. Ақпаратпен танысуды облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ІІМ Қостанай Академиясының оқытушысы Д. Е. Әбенов жүргізді.
Терроризмге қарсы қорғауды күшейту, террористік көріністердің уақтылы жолын кесу және колледж қызметіне рұқсатсыз араласу мақсатында профилактикалық әңгімелер тұрақты негізде өтеді.