10.02.2022 жылы "ЗЕРЕК колледжі" ЖМ базасында "Оқытудың тиімді әдістері"тренингі өтті. Тренингке колледж педагогтары, мектеп мұғалімдері және "бастауыш білім берудің шет тілі мұғалімі"мамандығының бітіруші тобы қатысты.
Тренингке қатысушылар оқушылардың сыни ойлауын дамытудың негізгі идеяларымен танысты. Бірқатар практикалық жаттығулар білім алушылардың шығармашылық тұлғасын ашуға ықпал етіп, интерактивті жұмыс әдістерімен таныстырды. Сингапурлық және жапондық оқыту әдістемелерінің ерекшеліктері ашылды.
Тренинг өткізгені үшін Рахимова Эльмира Ерсалимқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. Осы іс-шараны дайындау және өткізу бойынша барлық жұмыстардың үздік ұйымдастырылғанын атап өткіміз келеді. Одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.