Бейнероликтер конкурсы "Қазақстанның киелі жерлері"
І. Жалпы ережелер
1. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде өткізілетін "Қазақстанның киелі жерлері" бейнероликтер конкурсының ЕРЕЖЕСІ Конкурстың мақсатын, міндеттерін және өткізілу тәртібін айқындайды.
2. Байқаудың мақсаты: колледж студенттері арасында патриоттық, шығармашылық
белсенді азаматтық ұстанымы бар жастар.
3. Байқаудың міндеттері:
- студенттерге Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- көптілді тұлғаны қалыптастыру.
II. Конкурсты ұйымдастырушы
"Үштілділік"пәндік-циклдік комиссиясы.
III. Конкурс шарттары
1. Байқауға 1-4 курс студенттері қатысады. Жеке немесе студенттер тобы жасаған жұмыстар қабылданады.
2. Негізгі Конкурс "Қазақстанның киелі жерлері"жалпы тақырыбы бойынша бейнесюжет түрінде орындалған жұмыстар арасында өткізіледі.
3. Бейнематериал Қазақстанда тұратын халықтардың кез келген тілінде қабылданады.
4. Бейнероликтің ұзақтығы-2 минуттан аспайды. Бейнеролик эстетикалық (Орындаушының сыртқы келбеті) және техникалық талаптарға (бейнероликтің сапасы, дыбыстың анықтығы) сәйкес келуі тиіс.
5. Өткізу мерзімі:
- конкурстық жұмыстарды қабылдау-20-28 сәуір;
- қазылар алқасының жұмысы-29 сәуір;
- байқау жеңімпаздарын марапаттау-30 сәуір.
6. Конкурстық жұмысты эл.пошта
7. Шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийлері:
- тақырыпты ашу,
- өзектілігі,
- креативтілік,
- орындау сапасы мен технологиясы.
IV. Конкурс қорытындысы
Жеңімпаздар онкүндік жабылуында грамоталармен (1,2,3 орын) марапатталады